Елдің барлығы бекітілген латын әліпбиін талқылап, мәре-сәре болып жатқанда Ақтау әкімдігінің ғимараты алдында латынша тақтайша ілініп үлгерді.
Тақтайшаның суреті әлеуметтік желілерде жарияланды. Онда “Aqtay’ qalasynyn’ a’kimdigi ” деп жазылған.
Еске салайық, таяуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Бекітілген нұсқа төл дыбыстарды апостроф тәсілімен таңбалауға негізделген.