2026 жылғы қысқы ойындар өтетін қалаға Халықаралық олимпиада комитеті шамамен 1млрд доллар бөлмекші,-деп жазды КТК арнасы.
Ақ олимпиаданы қабылдауға Алматы да өтініш білдіріп отыр. Әзірге дүбірлі спорт додасын өткізуге 5 мемлекет құлшыныс білдірген. Атап айтсақ, Швейцария, Канада, Жапония, Түркия және Қазақстан.
Үміткерлері саны артуы да мүмкін. Өйткені, өтініш білдіру науқаны тек келесі жылдың наурызында жабылады. Халықаралық олимпиада комитеті бөлетін 925 млн долардың иегері тек 2019 жылы белгілі болмақ. Айта кетейік, Алматы бұған дейін Бейжімен таласып, 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізу мүмкіндігінен айрылып қалған еді.