Өзін дүниежүзілік кәсіби емшілер қауымдастығының президенті деп таныстырған Бауыржан Нұржанов телешоу мен бағдарламаларды үзбей қарайтындығын айтты деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«Кеше Аша Матай жүргізетін «Қалаулым» бағдарламасын көрдім. Аталарымыз айтқандай, «ақырзаманда шелектегі су тартылады, қарап тұрған жігітке қыз артылады».
Ата-бабамыз қыз айттырған. Бірақ қыз жігітті айттырып келді дегенде мен таңғалдым»,
— дейді кәсіби емші.
Сондай-ақ, Бауыржан Нұржанов халық арасында «Аралдық емші бала» атанған Ербосын Серікбаев туралы пікірін білдірді.
«Емшілік саласында жүрген маман ретінде айтарым, ол балаға қарап, қарным ашады. Қазақ халқы бәрін күлкіге айналдырғанды жақсы көреді. Оның болашағы туралы ойлау керек», — деді емшілер қауымдастығы президенті.
Сондай-ақ, емші өзін Ресейдегі танымал шоумен Андрей Малахов та студияда қонақ болуға шақырғанын айтты. Алайда, ол бас тартқан.
«Бірінші басшы ретінде Ресейдегі «Битва экстрасенсов» деген бағдарламаны Қазақстанда түсіруге рұқсатымды бермеймін. Жалпы, бағдарламаларға шақырғанда сенің ең кір жеріңді іздеп тұрады ғой», — дейді Бауыржан Нұржанов.