Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Жын аямайды…”. Ғалымдар транста жазылған көне хаттың мазмұнын анықтады

445

Ludum ғылыми орталығының мамандары бұл жұмбақ хатты тану үшін құпия барлау қызметінің қолдануына рұқсат етілетін Интернеттегі “Жасырын Интернет” немесе DarkWeb бағдарламасын қолданған. Ал бұл бағдарламаға латын, ежелгі грек және заманауи грек, езид тілі және басқа да көне тілдер әліпбиі енгізілген екен.

“Біз тыңшылар қолданатын осындай құпия бағдарлама барын естідік. Сөйтіп соған рұқсат алу үшін барымызды салдық. Ақыры ол күн де туды. Софтқа грек, араб және руна әліппесін латын тілімен бірге енгіздік. Сөйтсек, шын мәнінде хат адам емес, тылсым күш жазғандай екен”, – дейді осы институт директоры Даниель Абат.

Тіл мамандары хаттың 15 жолын оқуға мүмкіндік алыпты. Онда адам мен жын арасындағы қарым-қатынас, құдай мен әзәзілдің қарым-қатынасы жайлы жазылыпты.

Ондағы сөздер бір-бірімен байланысты да емес екен. Хатта Құдай, Иса және Киелі рух – “пайдасыз, артық жүк”, “Құдай қарапайым адамдарды босата аламын деп есептейді” делінген. Мария Құдайды адам ойлап тапқанын және жүйенің ешкімге де әсері жоқ екенін жазған-мыс. Ежелгі грек мифологиясындағы Стикс өзені жайлы да айтылады, бұл туралы хатта “соған қарағанда күмән жоқ” деп жазылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз