Жүргізуші куәлігін алу мен көлікті есепке қою енді оңайырақ болады. Алматыдағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет көрсету рәсімі жеңілдетілді.
Енді автокөлік иелері қаптаған құжат жинап, ұзын-сонар кезекке тұрмайды. Өйткені, орталық бөлімшелерін қайта құрылымнан өткізген, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Сондай-ақ арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер қызмет сапасы мен жемқорлық жайлы да шағымдана алады. Мұнда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылайтын қоғамдық қабылдау жұмыс істейді.
«Жабулы тұрған бәрі. Бүгінгі таңда осы жерде барлығы халыққа көрініп тұрсын, барлығы оңай болсын, халық пен біздің қызмет көрсетушілердің арасында шектеулік болсын деп осындай қабырғаларды барлығын алып тастағанбыз», – деді ХҚКО департаментінің бөлім басшысы Нұрлан Аманбек.