Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Күндіз 5-8 тамызда Батыс Қазақстан, 6-8 тамызда Ақтөбе, 6 тамызда Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус ыстық болады.
Күндіз 5-6 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 43-45 градус ыстық болады деп болжануда.
6-7 тамызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 7-8 тамызда Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні 30 м/с жетеді.
7-8 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады, желдің екпіні 30 м/с жетеді деп болжануда.