Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-тағы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап.
Лос-Анджелесте өткен бокс кеші барысында Мейірім америкалық Лэнни Дардарды бірінші раундта техникалық нокаутпен «тоқтатты».
Ал Дардар үшін бұл сегізінші жеңіліс.
Еске салсақ, Мейірім Нұрсұлтанов ағымдағы жылдың сәуір айында Анкасвиллде (АҚШ, Коннектикут штаты) мексикалық Хавьер Ольверамен айқасып, кәсіби рингтегі алғашқы нокаутына қол жеткізген болатын. Алты раундтық форматта өткен жарыс екінші раундта 1.15 ұпаймен Нұрсұлтанның орындауындағы техникалық нокаутпен аяқталды. Ольвера өз мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.