Экс-мәжілісмен, әлеуметтік мәселелермен айналысып жүрген видеоблогер Таңірберген Бердоңғар Қазақстан астанасының лас келбетін көрсетті.
Бұл үшін ол қалалық қоқыс орталығына барып, Астананың әр тарапынан жиналған қоқысты видеоға түсірді. Блогер ветеринарлық қызметке барып, өлімге дайындалып жатқан иттердің өмірімен де танысты.
“Бұл қалалық қоқыс үйіндісі. Мұнда қаланың түпкір-түкпірінен жиылған қоқыс жиналады. Аяқ алып жүру мүмкін емес, иісі өте жиіркенішті. Негізінен мұнда адамдар лақтырған пластик көп. (…)
Біздің көріп отырғанымыз Астанадан келетін таудай болып үйілген қоқыстар. Жасыл технологияға әлем назарын аудару туралы көрме жүріп жатқан қалада, үйінділерді қайта жөндеу мәселесімен айналысу керек” , – дейді Тәңірберген.
Блогер қаңғыған жаунарларды әкелетін “Астана Ветсервис” территориясына барған. Мекеме қызметкерлерінің сөзінше, мұнда иттерді 60 күндей ұстайды, одан кейін оларды дәрі егіп, өлтіреді.
“Достар, мына иттермен қоштасып қалыңыздар, себебі бір айдан кейін олар болмайды. Оларды өлтіреді. Егер, бұлай болғанын қаламасаңыз, ерікті қыздарға жазыңыздар. Иттерді үйіңізге алып, олардың өмірін құтқару мүмкіндігіңіз бар”, – дейді Бердіоңғар.
Дереккөз: nur.kz