Синоптиктер мереке және демалыс күндеріне 6-10 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап.
“Жақын тәуліктерде тропосфералық фронттардың ауысуы күтілмейді. Сондықтан мереке және демалыс күндері ыстық ауа райы сақталып тұрады. Қазақстанның солтүстік жартысындағы атмосфералық фронттар жылжып, еліміздің кейбір аумақтарында жауын-шашы мен жел болады деп болжанады. Алдағы екі тәулікте ауа райы нормаға жақын болады да кейіннен ауа температурасы көтерілуі мүмкін”, – деді синопиктер.