Солай дейді. Camry “60” қашан шығады деп күтіп жүргендер Қазақстанда бар шығар.
Бірақ 60 емес, бірден Toyota Camry V70 шығатын сияқты.
Джорджтаундағы зауытта Toyota Camry-дің сегізінші буыны өндіріске түсті, деп жазады көлік саласының журналисі Евгений Кубеков.
Кентуккиде американың нарығына арналған V70 индексіндегі автокөліктер құрастырыла бастапты, ал биылғы жылдың соңына қарай Жапонияның Цуцуми зауытында да өндіріс басталады деп жоспарлануда.
Ал қазақтарға арналып Санкт-Петербургте құрастырылатын Camry 70 біздің дилерлерге келесі жылдың ақпан айында жетуі мүмкін екен.
https://kaz.365info.kz/tukanyn-telefony-iphone-13-dejdi-249698