Алматыда жеке ұйымдардың бірнеше кеңсесі мен “Альфа-банктің” бөлімшесі орналасқан “Арай” тұрғын кешені тоналды.
Алматы Ішкі істер департаментінде Sputnik Қазақстанға оқиғаның мән-жайын нақтыламай жағдайға қатысты пікір білдірді.
Офистердің бірінің күзетшісінен алынған, алдын ала деректерге сәйкес, тонау дерегі банкпен байланысты екен.
Ресми түрде полицейлер қандай мекеменің тоналғанын нақтыламады. Алайда полиция ведомствосындағы конфеденциалды дереккөзінен “Альфа банк” ғимараты мен паркинг арасындағы бөлмеде банк кассирінің тоналғанын білді. Бейтаныс адам тапаншамен қорқытып, жәбірленушіден 65 миллион теңге алып кеткен. Өзге ақпарат нақтыланбайды.