Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Халықаралық бағдарламалар орталығына үш ай ішінде қызметкерлерді жұмыстан шығаруға тыйым салды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Бұдан бұрын, Орталықтың 25 қызметкері басшыларының әрекеттеріне қатысты Президент әкімшілігі, Бас прокуратура мен білім және ғылым министрлігіне шағым жазған. Үндеудің мәтіні БАҚ-та жарияланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ қызметкерлерінің шағымына байланысты кешенді қызметтік тексеріс өткізіп жатыр және Мелдешов өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді.
Еске салсақ, бұған дейін Президенттік “Болашақ” білім бағдарламасын басқаратын “Халықаралық бағдарламалар орталығында” дау шыққанын хабарлаған едік. Онда қызметкерлер орталық басшысы Жанболат Мелдешовтың оспадарсыз қылықтары мен сөздерін әшкере еткен.