Бішкекте жол апатының шамадан тыс көбейіп кеткеніне наразы халық биліктен тез арада шара қолдануды талап етіп, митингке шығып жатыр.
«Конституциялық кеңесу үшін» қозғалысының атқарушы директоры Рита Карасартова белсенділер жол апатының азайуын биліктен талап етіп, күнделікті акция өткізеді деп мәлімдеді.
Наразылық акциясына қатысушылардың сұрақтарына Бішкектің патрульды милиция басқармасының штаб басшысы Жақып Жумаев жауап беріп жатыр.
Қырғызстанда соңғы үш жылда 20 мың 53 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Одан 3 мың 20 адам қаза тауып, 30 мыңға жуық адам жарақат алған. Орта есеппен күнделікті 18 жол апаты тіркеліп, 3 адам қаза табады екен.