Қазақстан Президенті «National Geographic» телеарнасы өкілдерімен кездесу барысында Астана қаласының қалыптасу тарихы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі туралы айтты.
Сондай-ақ көрме жұмысы аяқталған соң оның нысандарын елорда инфрақұрылымына пайдалануға қатысты сауалдарға жауап берді деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми-иннновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Таза энергетика, «жасыл экономика және ІТ салаларындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналатын болады.