Отбасылық жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды. Күйеуін пышақтап өлтірген келіншек сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның артында қалған бес баласының қайда баратыны әзір шешілген жоқ, деп хабарлайды qasym.kz.
«Әлима Үсенованы ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлімі бойынша айыпты деп танып, оған 8 жыл мерзімге жалпы режимді колонияда жазасын өтеу туралы үкім шығарылды», – деді қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданарылық сот Самидин Теміралиев.
Әлима Үсенованың соңында 5 баласы қалды. Олардың ең үлкенінің жасы сегізде. Қазір құзырлы орган өкілдері балалардың қайда баратындығын нақтылау үстінде. Олар туыстарының бақылауына тапсырылады немесе балалар үйіне қоныстандырылады.