Қазақстанда қауіпсіздік мақсатында жолаушылар пойыздарының бағыттары өзгерді, – деп хабарлайды «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компанисы» Акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Қазақпарат.
«30 наурыз күні көктемгі су тасқыны салдарынан Павлодар бөлімшесіндегі теміржолдың Дегелең-Май аралығын су шайып кетті. Осы себепті,
№31 «Алматы-1-Павлодар», №376 «Астана-Лениногорск», №67 «Защита-Астана», №68 «Астана-Защита» жолаушылар пойыздарының бағыттары РФ аумағымен – «Ресей темір жолдары» ААҚ-ның Кулунда және Локоть стансалары арқылы жүретін болады.
Осыған орай, жол жүру уақыты орта есеппен 16 сағатқа ұзарады», – делінген хабарламада.
Көктемгі су тасқыны салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды.
Оқиға орнында 63 арнайы техника мен 120-дан астам теміржолшы жұмыс жасауда.
«Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Су шаю салдарын барынша қысқа уақытта жою үшін барлық шаралар қолға алынатын болады», – деп атап өтті ҚТЖ баспасөз қызметінен.