Қазақстан шекарашылары аңшылық оқ-дәрінің ірі партиясын рұқсат құжаттарынсыз алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШК баспасөз қызметі.
Қостанай облысындағы «Қайрақ авто» өткізу бекетінде шекара жасағы рұқсат құжаттарынсыз аңшылық оқ-дәрінің ірі партиясын, нақтырақ айтқанда, 90 дана оқты алып өтпек болған 29 жастағы Қазақстан азаматын құрықтады.
Ұсталған азамат Қазақстаннан Ресейге «Тойота» көлігі арқылы өтпек болған. Оқ-дәрілер көліктің артқы орындығындағы қол жүгін тексеру барысында табылды.
Факті жөнінде Қарабалық аудандық ІІБ өкілдеріне хабарланды.