Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Зілтемірді қайта қолыма алғаныма қуаныштымын”. Илья Ильин спортқа оралмақ (видео)

Мен зілтемірді қайта қолыма алғаныма өте қуаныштымын!

Достар, жемісті еңбектерің үшін рақмет!», – деп жазды Илья Ильин Инстаграмдағы өзінің парақшасына.

Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен 2008 және 2012 жылдарғы олимпиадалық медальдарынан айырылған отандық спортшыға жанкүйерлері қызу қолдау білдіріп, тілек-ниеттерін жеткізуде. Олар Ильиннің үлкен спортқа қайта оралып, Токиодағы ойындарға қатысатынына үміт білдіріп жатыр.

Айта кетелік, Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша оны сол ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды. Бұдан кейін Илья Ильин спорттық мансабын аяқтайтынын мәлім еткен еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз