АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдеуінше, Вашингтонның Ресеймен сындарлы қарым-қатынасына Америка ғана емес, бүкіл әлем мүдделі болып отыр.
Мемлекет басшысы қызметіндегі соңғы баспасөз конференциясын өткізген Обаманың айтуынша, Владимир Путиннің Ресей президенті болып қайта сайлануы – антиамерикалық риториканың күш алып, қырғи-қабақ соғыстың салқын лебін қайтадан сездірді. Обаманың айтуынша, АҚШ Ресеймен сындарлы қарым-қатынас орнатуға әрдайым ұмтылып келді. Обама Ресейге қатысты санкциялар Украинадағы жағдайға байланысты қабылданғанын және дұрыс шешім болғанын мәлімдеді.
Обаманың айтуынша, Ресей ядролық арсеналды қысқарту жөніндегі келіссөздердің жалғасқанын қаламайтынын білдірді. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп ядролық қаруды қысқарту мәселесінде нәтижелі жұмыс атқарады, деп үміттенеді Обама.