24 қараша күні М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрында Алаш ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған “Алаштың Әлиханы” атты салтанатты кеш өтті.
ЮНЕСКО жылдың ең мықты қайраткері деп таныған ұлы тұлғаның кешінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Алаштанушы-ғалым Мәмбет Қойгелдиев сөз сөйледі.
Концерт барысында “Отырар сазы” мемлекеттік академиялық этнграфиялық-фольклорлық оркестрі Құрманғазы, Тәттімбет. Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін орындады. Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрының актерлері Әлихан Бөкейхановтың өміріне қатысты қойылым жасады.
Мазмұнды, мағыналы өткен музыкалық-поэтикалық кешті Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырды.