Иә, Шымкенттегі ең бай-бағланның бар дәулеті — ғимараттар, жер учаскелері мен қымбат көлік көк тиынға сатылып кетпек.
40 автомобиль, 30 жылқы мен 3 түйеден бөлек, Төлешовтың мынадай мүлігі тәркіленетін болады:
Егер Төлешов не үкімге шағым түсірмесе, бұл байлықтың барлығы мемлекеттік органдардың меншігіне өтіп, аукционнан сатылатын болады.
— Орайы келсе, Төлешовтің мүлігін сатып алады. Әлбетте, бағасы көңілден шығатын болса, — дейді экономикалық шолушы Денис Кривошеев.
— Қазір ешкімге ештеңе керек емес. «Самұрықтағылар» айтқандай, «ештеңе сата алмай отырмыз, сұраныс жоқ. Өйткені, барлық кәсіпорындарға көпірме баға қойылған. Олардың құнын әу баста тым жоғары көтеріп жіберген.
— Мүмкін, мұндай әңгіме «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорындарына қатысты шығар. Ал Төлешовтің зауытының жөні бөлек емес пе.
— Банк қойған баға тым жоғары, қазіргі кезге сәйкес емес, сондықтан оны сатып алуға ешкім ниет білдірген жоқ. Бастапқы баға 28 млрд теңге сомасында қойылған!
Сіз «Шымкентсыра» 28 млрд тұрады деп ойлайсыз ба? Ол ақшаға жаңа зауыт салуға болады.
Жылжымайтын мүліктің мұндай бағасы 5 жыл бұрын қолданыста болған, ол кезде бір шаршы метрдің бағасы 5 мың доллар болуы қалыпты дүние еді, ал қазір 1,5 мың доллардың өзін тым қымбат көреді. Мәселе бағаның әділ болуында. Банк қарыздың барлығын қайтарып алуды көздейді, ал бұл компания ондай ақша тұрмайды. Енді зауытты банктің өзі басқаратын болады.
— Банкирлер сыра қайнатуға көшпек пе?
— Бұл бизнестің жаңа тұрпаты, банктер негізгі қызметімен бірге басқарушы компания да болады. Мен мұндай тәжірибемен таныспын:
көптеген банктер тәркіленген мүлікке басқарушылар тағайындап, банк-холдингке айналып жатыр. Бірақ бұл тұйыққа тірелетін жол
Банк өзінің ақшасын қайтара алмайтынын түсінген кезде, ол бизнес ойнай бастайды. Міне, осы кезде қиындықтар басталады. Бір жағынан банк несиелендіреді, ал оның басқаруындағы кәсіпорын қарыздарды өтеуге құлықсыз. Мүделер қақтығысы орын алып, мүлдем ештеңе өндіре алмайтын болады. Капитализмнің бірінші ережесі — шығынды дер кезінде тіркеу, бірақ бізде мұнымен ешкім айналысқысы келмейді.
— Егер Төлешовтің бизнесін ешкім сатып алмаса, оның машиналарын, жылқылары мен алтын әшекейлерін біреу сатып ала ма, қалай ойлайсыз?
— Олардың барлығы ломбардтағы бағамен сатылатын болады.
— Яғни, арзанға ғой?
— Әлбетте. Тәркілеу дегеніміз — өте қымбат дүниелерді өте арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік тудыратын алып машина іспетті.
Дереккөзі: kaz.365info.kz