Дінтанушы Артур Артемьев қазақы ислам салафизмге қарсы тұратын күш болуы әбден мүмкін деген сенімде.
Соңғы уақытта сарапшылар классикалық исламнан айырмашылықтары бар „қазақы„ ислам туралы сөз қозғауды жиілетті. Десек те, ресми дінбасылар осы қазақы исламды мойындауға асығар емес. Мұндай жағдайдың неліктен орын алып отырғаны туралы бізге философия ғылымдарының докторы, профессор Артур Артемьев әңгімелеп берді. Ол дінтану бойынша кейбір жоғары оқу орындарының қазақтілді аудиториясына дәріс оқиды. Сондықтан ол қазақы және классикалық сипаттағы ислам арасындағы қайшылықтарды көзімен көріп жүр.
— Мен бірнеше дүркін айтқам және тағы да қайталап айтамын: салафизм — уаххабизмнің ең радикалды тармағы. Уаххабиттер Сауд Арабиясы ресми дінінің өкілдері, міне, солардың өздері салафиттерден іргесін аулақ бастады, өйткені салафилердің мінезі, әрекеттері олардың ниетін әшкерелейді.
— Сіз классикалық исламнан өзгеше, яғни бөлектенген „қазақы„ ислам бар дегенмен келісісіз бе?
— Бастапқыда, әсіресе, кеңес кезеңінде Қазақстанда „халықтық„ деп аталатын ислам насихатталған болатын. Ахмет Яссауи сияқты сопылардың арқасында қазақы ислам Қазақстанда пайда болған кезде ол халықтық дәстүрлермен үйлесе бастады. Сондықтан ол қазақтардың мінез-құлқында, киім кию үлгісінде және күнделікті тұрмысында өз орнын тапты. Мәселен, Қазақстанда паранжа ешқашан қолданыста болған емес, хиджабты кисе, тек егде тартқан әйелдер ғана киген, ал жастар ешқашан бетін жапқан емес. Сондай-ақ ешкім шолақ шалбар кимеген, ал етегі ұзын көйлекті қала емес, ауыл әйелдері ғана киген. Сондықтан, қазақы исламның классикалық исламнан бөлектенетін өз ерекшеліктері бар.
Әбсаттар Дербісәлі Сауд Арабиясынан келіп, Мұсылмандардың діни басқармасына жетекшілік жасай бастағанда, ол не істеді — халықтық исламның нышандарымен күресе бастады
Ол классикалық исламға қайшы келетін халық дәстүрін жоюды белсенді түрде насихаттай бастады. Істің насырға шапқаны соншалық, тіпті Бас муфтий қасиетті орындарға табынуды доғаруға шақырып, мазарлардан арылып, зираттарды жермен-жексен етуді ұсынды. Сопылар қуғын-сүргінге ұшырап, телеарналарда осы тақырыптағы пікірталастар көбейді. Міне, сол кезде бірнеше дінтанушылар, арасында мен де бармын, Бас муфтий тарапынан мұндай идеялар айту — қауіпті үрдіс, ал қазақтарды классикалық исламға үгіттеу — уаххабизмге қарай тікелей жол деген мәлімдеме жасадық. Әрине, бізбен ешкім келіскен жоқ. Солай десек те, классикалық исламды ашық насихаттау тоқтатылды.
— Сіздің барлығын өткен шақта баяндап отырсыз…
— Қазір де қазақстандық мұсылмандардың басым көпшілігі халықтық исламды ұстанады. Назар аударсаңыз, хиджабты әйелдердің барлығы бірдей кимейді. Негізіне мұндай дәстүрді Қытай мен Монғолиядан ата-жұртына оралған оралмандар әкелді, ол жақтағы ислам Қазақстандағыдан өзгеше. Сүнниттер барлық жерде бірдей емес қой.
— Мүмкін «халықтық» ислам салафиттерге тойтарыс берер?
— Менің ойымша,
егер біз көпшілікке қазақы исламның тарихы туралы көбірек баядайтын болсақ, сол жағымды әрі жөн болады
Алайда, өкінішке қарай, біздің Діни басқармадағылар осы мәселені көтерсек, классикалық исламды ұстанушылар алдында дінбұзар кейпінде боламыз деп, қауіптенеді.
— Кейде „исламды мемлекеттік дін ретінде жариялау керек, бірақ бұл институтқа ешқандай билік бермеу керек„ деген әңгімелер айтылып жатады. Мұндай пікірді ұстанушылар бұл жамағатты бақылауда ұстаудың жалғыз жолы деген дәлел келтіреді. Алайда бұл идея мемлекеттің зайырлығымен қалай үйлесетін болады?
— Еш үйлеспейді. Оған жол бермеуге болмайды, өйткені олай болса, біз зайырлылықтан айырылатын боламыз. Біз мүлдем бөлек мемлекетте тұратын боламыз. Түркия мұны басынан кешірді. Ататүрік зайырлылық ұстанымында болды, сол үшін оны бүгінгі күнге дейін әлі сынға алуда. Түркияда билікке мұсылман көшбасшылары келгеннен кейін барлығы өзгеріп, сала берді. Алайда Қазақстанда зайырлылықтан айырылудың тағы бір қауіптілігі бар — біз көп конфессионалды мемлекетпіз.
— Ал сіз өзіңіздің студенттерден, олардың дінге не үшін келгенін сұрайсыз ба?
— Бір қызығы, бүгін мен қазақтілді аудиторияға дәріс оқимын, сондықтан өз шәкірттеріммен осы тақырыпта үнемі ашық пікір алмасу жүргіземін. Олардың басым көпшілігі отбасылық дәстүрлерді алға тартады.
Дінге өзінің шын сенімімен келгендер өте аз. Мәселен, менің жеті дінтанушы магистрантарымның ішінде тек бір әйел исламды өзінің сеніміне сай қабылдаған
Ол хиджаб киіп жүреді, барлық діни әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтап, күнделікті мешітке барып, намаз оқиды, үнемі діни әдебиетті оқып, білімін көтеріп отырады. Қалғандарының аты ғана мұсылман.
Қазір жастар арасында, көзқарасына қарамастан, мұсылман атану сәнге айналған. Негізінен, құдайылық тарату молданың қатысуымен өтеді, алайда шақырылғандардың көпшілігі бас киімсіз келеді. Міне, осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Діннің барлық ерекшеліктерін көпшілікке өте сыпайы, асқан әдептілікпен жеткізген жөн, алайда қазір жібі түзу сарапшылардың көпшілігі сұранысқа ие емес. Ал түрлі сипаттағы мемлекеттік органдарда діни мәселелермен білімі мен діни нанымы күмән тудыратын тұлғалар айналысуда.
Дереккөзі: 365info.kz