Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
13
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Бүгін елді дүрліктірген Ақтөбедегі терактіге байланысты сот басталады

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18-қазан күні теракт жасаушылардың ісі тыңдалады. 201 томнан тұратын қылмыстық іс бойынша сотталушылардың мүддесін 27 қорғаушы қорғайды. Сот залында 48 куәгер түсініктеме береді. 5-маусым күнгі теракт оқиғасынан 88 адамның жәбір көргендігі хабарланды.

— Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 7-қазан күні 5-маусым күні орын алған террорлық акт оқиғасы бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Іс бойынша сотқа 29 адамның тізімі берілген. Оның 9-ы — қылмыс жасағандар,18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламаған және 2-еуі қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталуда, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен Илиада Досова.

5-маусым күнгі 45 адамның террористік шабуылы бүкіл елді дүрліктірген болатын. Таңатаров бастаған қылмыстық топ «Паллада», «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасағаннан кейін «66/55» әскери бөлімшесіне баса көктеп кіргені есімізде. Шабуыл кезінде 7 адам қаза тауып, 13 адам түрлі дене жарақатын алды.

photo_190532

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз