Кеше қазақстандық «Астана» футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Белоруссияның Борисов қаласында қазақ клубы жергілікті «БАТЭ» командасымен тең түсті — 2:2.
Осы тең есеп пен алғашқы ойында 2:0 есебімен жеңген басымдығының арқасында «Астана» еврокубоктағы ойындарын жалғастырады.
«Астананың» топтық кезеңдегі қарсыластары бүгін, тамыздың 26-сы күні белгілі болмақ.
https://youtu.be/pj8rJY_Nqjw