Алматыда оқ атып, көшеде құтырған кортеж жүргізушілері жазаланды. 4 тамыз күні тойлатқан олар Алматыдағы шығыс айналма жолында жол ережесін өрескел бұзып, тапаншамен оқ атқан. Кейбір көліктер тіпті нөмірсіз жүрген.
Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, құтырған жігіттердің аты-жөндері мынадай:
Мусаев Элчин, 1989 жылы Грузияда туылған, мінген көлігі “Lexus GS-300”, мемлекеттік тіркеу нөмірі kz 090 XWA 02;
Абдуллаев Вусал Фаигоглы, 1994 жылы Әзірбайжан республикасында туылған, мінген көлігі “BMW 750i”, мемлекеттік тіркеу нөмірі kz 007 CAN 02;
Закарияев Эльхан, 1995 жылы Грузияда туылған, мінген көлігі “Mercedes”, мемлекеттік тіркеу нөмірі kz 691 DAA 02;
Юсибов Руслан Вафарадаоглы, 1995 жылы Қазақстанда туылған, мінген көлігі “Toyota Land Cruiser 200”, мемлекеттік тіркеу нөмірі kz 300 EEE 02;
Аскаров Рашад Низамиоглы, 1994 жылы Қазақстанда туылған, мінген көлігі “Toyota Land Cruicer 200”, мемлекеттік тіркеу нөмірі kz586SYA02.