Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Ресейге қазақтың өзі емес, жері керек болды” – Әзімбай Ғали

167

“1916 жылы Торғай облысында “жерден ығыстыру” тактикасы қолданылды, бұл арада Куропаткин мен жер аударған орыс мұжықтары қырған қазақ санын есепке алып отырғаным жоқ.

1917-1920 жылдары қазақтар қырылды, ашаршылық болды, Қазақстаннан азық-түлікті тасып әкетті. Солақай саясаттың салдарынан 1921 жылғы ашаршылық жүйелі түрде қазақтарды қырды.

1928-1934 жылдары 1 миллион 750 мың қазақ өлді (онда да бұл есепте өз өлімімен өлгендер жоқ), тағы 300 мыңы шекара асып кетті.

Мен демографпын, сондықтан геноцид пен этноцидтің салдарынан көз жұмғандардың санын қысқартып беремін.

Ресейге қазақтың өзі емес, жері керек болды.

1958-1962 жылдары қазақтар мен шешендер туу бойынша әлемдік рекордты жаңартты. Бұл ІІ-дүниежүзілік соғыстан соң, еркектердің жетіспей жатқанына қарамастан болды.

Сынақ жасалған өңірде туылған өлі сәби

Соғыстан соң қазақтың қақ ортасында ядролық бомбаны сынады. Ядролық сәулеге ұрынған қазақтарды “емдейміз” деп дәрі-дәрмектерді тағы бір сынады. Айтқандай, ядролық заряд Қазақстанның қазақтар тұратын басқа да облыстарында сыналды. Бұл қазаққа жасалған үшінші геноцид болатын.

1949 және 1989 жылдары аралығында Семей полигонында 468 сынақ жасалды, 616 ядролық және термоядролық бомба жарылды, 343-і жер астында сыналды. Оның салдары туралы әлі ашық айтылмайды.

Одан кейін қазақтарды тіліне қарай төмендетіп, қалаға жолатпады.

Қазір Қазақстанда қазақ саны – 12 миллион. Мемлекеттілікті сақтау, ұлт ретінде қайтадан жаңғыру қазақтың қанында, генетикасында бар дүние, сондықтан ашаршылық аяқталған соң қазақтар бірден еліне оралды, Қазақстаннан да жайлы жерден келіп жатыр.

Ия, қазір қазақтың тең жартысы қалада тұрады.

Құдайдың демеуімен, қазақтың қайтпас қайсарлығымен біз — тәуелсіз елміз!”.

Әзімбай Ғали, Facebook-тегі жазбасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз