Жер туралы комиссия жұмысын насихаттаумен айналысатын сайттың атауы Abai.kz порталындағы мақалада қате көрсетілген.
13-маусымда Abai.kz сайтында „Жер комиссиясының отырысы неге өтпей қалды?„ деген мақала жарық көрді. Мақала авторы сөз соңында жер комиссиясы жұмысына қатысты барлық ақпараттарды халыққа жеткізіп тұру үшін билік арнайы сайт ашқанын, оның қазір жұмыс істемей тұрғанын айтады.
Өз кезегімізде оқырмандар мүддесі тұрғысында біз бұл сайттың дұрыс мекен-жайын жариялауды жөн көріп отырмыз.
Ол zherturaly.kz емес, jerturaly.kz екенін еске саламыз.