Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-20
USD
524
+1.73
EUR
547
+2.80
RUB
4.99
-0.06

Бүгін балаларға тегін медициналық көмек көрсетіледі

232

Бұл күні кішкентай пациенттер үшін бейінді мамандарды шақыру арқылы (педиатрлар, невропатологтар¸ эндокринологтар, окулистер, хирургтар, ортопедтер, кардиологтар, нефрологтар, иммунологтар, балалар жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу бойынша мамандар және т.б.), кесте бойынша дене салмағын, бойын, артериалды қан қысымын өлшеп, көзінің көруін тексеру шаралары жүргізіледі.

Бұл күні болашақ аналар үшін емізуді қолдау бойынша «емізудің 10 қағидасы» атты семинарлар, сондай-ақ, дені сау бала кабинеттерінде балалар мен мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналар үшін имуннологиялық профилактика, дұрыс тамақтану, жеке гигиена бойынша шаралар, медициналық кабинеттерде – битшеңдік, қышымаға тексеру және оларды емдеу шаралары өткізіледі.

2016 жылы баланың денсаулығын ерте жастан сақтау мен нығайту, қоғамдық және жеке гигиенаның, балалар мен жасөспірімдердің бойында денсаулық сақтау әдеттерін қалыптастыру, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілетін барлық шаралар «Басты байлық – балалардың күлкісі!» ұранымен жүргізілмек.

СӨС Ұлттық орталығының мәліметінше, Қазақстанда 2015 жылы 9 жастағы балалар арасындағы шамадан тыс дене салмағының таралуы – 12,3пайыз, семіздік – 6,3пайыз болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз