Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы форматында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу іс-шараларына және арнайы операцияларға дайындық және оларды өткізу жөніндегі іс-әрекеттер жоспарына сәйкес, 16-20 мамыр аралығында «Заңсыз келуші-2016» операциясының бірінші кезеңі өткізілді.
Тексеріс барысында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 17 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттардың шешімдерімен елімізден 1635 адам, оның ішінде, 83 адам азаматтық сот өндірісі тәртібінде тысқары шығарылды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 1735 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іздестіруде жүрген 80 адам, оның ішінде, алыс шетелдің 2 азаматы және ТМД-ның 5 азаматы ұсталды.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 187 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.