„Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстікте бұршақ жаууы күтіледі„ деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола, Қостанай облыстарында, түнде Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау және Атырау облыстарының кейбір аудандарында найзағай ойнайды, түн тұманды болады.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-6 градусқа дейін күн суытады, Павлодар облысының кей жерлерінде күн 3 градусқа дейін суытады.