Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
16
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

80 жастағы астаналық Кейптаундағы марафонды толық жүгіріп өтті

«11-шақырымда марафонды жалғастыруға кедергі келтіретін жарақат алдым. Алайда екі рет медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, дәрігерлер жарысты тоқтатуға кеңес бергеніне қарамастан, мәреге дейін жеткім келді. Жарақатпен жүгіріп, жарыс жолынан шыққан жоқпын», – деді Салтанат Түйтебаев.

Оның айтуынша, ол марафон фавориттерінің қатарында болған және жарақат алмағанда жүлделі орыннан көрінуі мүмкін еді.

«2027 жылы Жапонияда өтетін ардагерлер олимпиадасында есемді қайтарамын», – деп уәде берді спортшы.

Марафоншы күн сайын жүгіруді жалғастырмақ.

«Мен таңертең жүгіремін. Физикалық дайындығымды сақтап, барлық жарысқа қатысуға тырысамын. Немерелерім мен шөберелеріме белсенді әрі салауатты өмір салтының үлгісі болғым келеді», – деді Салтанат Түйтебаев.

Салтанат Түйтебаев – Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Еске салсақ, 2025 жылы ол Нью-Йорк марафонында 80-89 жас санатында чемпион атанып, қашықтықты 4 сағат 45 минутта бағындырған.

Бұған дейін, 2021 жылы Аустралияда өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында 75-79 жас санатында күміс медаль иеленген. Сондай-ақ ол Жаңа Зеландияда өткен ардагерлер олимпиадасының чемпионы атанған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз