Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
6
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

«8 жыл өмірім, екі баламды қайтем?». Көзіме шөп салған әйелімді кешірейін бе?

211

Бірде әйелімді түсіну қиын болып кеткен еді. Дұрыстап сөйлеспейді, бірдеме десең жекірініп, қабағын түйіп, жақтырмай отырады. Бір күні жарылды әйтеуір. “Басыңда үйің жоқ, табысың көп емес, елдің күйеуі екі-үш жерде жұмыс істейді” дейді.

Арада бір адам пайда болыпты. Ол адам мектептегі алғашқы махаббаты екен.

Оны өзі айтты ақыры. Соған кетем дейді.

Екі рет көзіме шөп салғанын мойындады

Ашудан, қызғаныштан өзімді қоярға жер таппадым. Әйелді ұратын әдетім жоқ еді. Үйден шығып кеттім, қайда барамын, кешкісін қайтып келдім. Жұмысым да сол күні дұрыс өнбеді. Бұл әңгімені ата-анасы естіді. Менен жемеген таяқты әкесінен жеді. Олар менен қуыстанып, ұялып, жерге кірердей болды. Кететін болса балаларды қайтеміз. Өзімді жақсы көрмейтін адамды байлап ұстап қайтемін, барса барсын дедім ішімнен. Ішім қан жылап жатса да, оның да өзін бақытты сезінуге қақы бар. Мүмкін мен бере алмаған шығармын оны. Сол күндерді есіме алсам…

Екі бала бар, 8 жыл бірге сүрген қиындықтарымыз, қуанышты күндеріміз бар, өзім оны жақсы көремін әлі, болашаққа жоспарларымыз, мені баласындай көретін қайын ата-енем бар… Қайын атам жазға дейін тұрасыңдар, бұл “жараны” түк болмағандай көміп тастайсыңдар деп кесіп айтты.
https://kaz.365info.kz/tagdyrym-solaj-bala-tuu-yshin-kyjeuinin-kozine-shop-salgan-ajel-254884
Міне, жаздың ортасы болды. Әлі түк болмағандай өмір сүріп келеміз. Жараның бетін тырнамадық. Ара қатынасымызда салқындық бар. Төсек мәселесі жайына қалған. Үй салып жатырмыз. Бәрі ұмыт болғандай. Сырт көзге тату отбасы тәріздіміз. Сөйтіп те әйел жынданады екен ғой!

Кінәнің бәрі өзімнен. Әу бастан әйелге бос қарадым. Басында қатал мінез көрсетіп көргем, бірақ, қойшы жақсы көремін ғой, сену керек, өз пікірі, ой бар ғой деп еркіне қоя бердім. Қазақ қыздары еркіндікті көтере алмай ма? Не болдық енді?

Енді не істеу керек? Көзіме шөп салған әйелді Алла кешірсін деп өмірді жалғастыра берейін бе? Балаларым үшін… Басым қатты…

“Не істеу керек енді” деген сұрақ ашық қалып отыр.
https://kaz.365info.kz/k-jeuimni-k-zine-sh-p-salamyn-246658

Аяжан Төрехан

Мақала VKдағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз