Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

72 жастағы үнді әйелінің қарт шағында неге босанғаны белгілі болды

111

Далиджиндер Каурдың 79 жастағы күйеуі Мохиндер Сингх Гилл қайтыс болған әкесінен қалған мұрадағы үлесіне көптен бері қол жеткізе алмай жүрген. Әкесі оған 725 мың доллардан астам ақша мұраға қалдырған екен. Алайда оның баласы жоқ болғандықтан, төрт ағасы оған үлесін бермеген көрінеді.

Ол кезде нәрестенің әкесі 40 жаста болған екен. Алайда, медицинаның дәл бүгінгідей дамымаған шағында мұндай мүмкіндік болмапты.

Олар сотқа арызданғанымен, ешнәрсені дәлелдей алмаған. Кейіннен хабарландырудың бірінде донорлы ұрық арқылы жасанды медициналық жолмен бала тудыруға болатын ақпаратты оқып, соның көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде екі жыл өткен соң Далиджиндер Каур 72 жасында тұңғышын дүниеге әкелді.

«Құдай менің тілегімді орындады. Мен ұлыма өзім қарай аламын. Күйеуім де бала қарауға көмектеседі», – дейді ол.

«Олардың ең бақытты кездері басталды. Үндістанда 45 жастан асқан соң бала асырап алуға заң бойынша тыйым салынған», – дейді емхана иесі, әрі эмбрионолог Анураг Бишони.

Қарт әкеден көп адамдар „қайтыс боп кетсеңдер, ұлдарыңыз қалай өмір сүреді„ деп сұрайды екен. Ал, әкесі ол үшін еш алаңдамайтынын, бір Құдайға сенетінін айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз