Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“6 жасынан танылған талант”. Көрермендерге кішкентай Димаштың сұқбаты ұсынылды (видео)

211

Эфир кезінде кішкентай Димаштан бір ән орындап беру сұралады. Ол “Ақ көгершін” әнін орындайды.

Димаш Құдайберген Ақтөбеде ҚР мәдениет қайраткерлері Қанат және Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келді. Ол әнші ретінде алғаш рет 6 жасында сахнаға шықты. Фортепианода ойнап, ән салған балақай сол кезде “Айналайын” республикалық байқауының лауреаты атанады. 2010 жылы “Байқоңырдың жез таңдай әншісі” халықаралық фестивалінде І-орын иемденеді. 2012 жылы “Жас қанат” жастар байқауының Гран-при иегері болады. 2015 жылы “Славян базары-2015” халықаралық байқауының да бас жүлдесін жұлып алады.

Ал қазір Қытайдағы кіл кәсіби әншілер байқауында өнер көрсетіп, әлем көрермендерінің жүрегін жаулауда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз