Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

40 жастағы итальяндық қыз өзіне өзі үйленді

Фитнес-тренер болып қызмет жасайтын Меси мұндай әрекетімен ата-анасына берген уәдесін орындаған. Яғни, ол егер 40 жасқа дейін өзінің өмірлік жарын кездестірмесе, өз-өзіне үйленемін деп сөз берген екен.

Екі жыл бұрын Меси 12 жыл кездескен жігітімен айырылсып кеткен көрінеді.

«Мен алдымен әрқайсымыз өз-өзімізді жақсы көруіміз керек деп ойлаймын. Ханзадасыз да ертегілер бола береді», – дейді ол.
Қалыңдық мұнымен батыста дамып келе жатқан «жұбайсыз өз-өзіне үйлену» трендін нығайтпақ болған.

«Егер мен болашағымыз туралы ойлайтын жігітті кездестіретін болсам, бақытты болар едім. Бірақ менің бақытым онымен байланысты болмайды», – дейді Лаура Меси.
Некелесудің бұл формасы Италияда заңды түрде бекітілмеген. Сол себепті Меси формальді түрде бойдақ болып есептеледі.

2016 жылы қазан айында Эстония тұрғыны Кристал Ра Лаксми да өзіне өзі тұрмысқа шығып, 21 адамды қонаққа шақырған болатын. Сондай-ақ ол нағыз ер азаматқа тұрмысқа шығуды жоспарлап, өзімен өзі үйленуді соған дайындық деп есептеген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз