Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

2021 жылдың ықтимал трендтері: жағдай жақсаруы екіталай

111

2021-дің бірінші жартысында мемлекеттер өз шекараларын жартылай жабық қалдыруы мүмкін, себебі пандемия төңірегіндегі жағдай әлі шешіле қоймайды.

Локдаундар мен мутациялар айқасы

Бір жағынан, бірқатар ел, соның ішінде АҚШ пен ЕО халқын жаппай вакцинациялауға кірісті. Бұл дағдарыстан кейін тезірек қалыпқа келуге үміт сыйлайды.

Алайда вирустың жаңа штамдары пайда болып жатыр. Бүгінгі таңда бұл жағдайлар Ұлыбританияда, Данияда, Нидерландыда, Италияда, Австралияда, сондай-ақ Жапонияда, АҚШ-та және Канадада тіркелген. Оңтүстік Африка мен Италия да вирустың жаңа түрлерінің анықталғаны туралы хабарлады. Сонымен қатар, Оңтүстік Африкада жергілікті тағы бір жаңа штамм пайда болғаны туралы мәлімет бар.

Мәселе мынада, вирустың белгісіз мутациясы анағұрлым жұқпалы. Ұлыбританияда табылған штаммды қарастыратын болсақ, сарапшылар бұл әдеттегі SARS-CoV-2-ге қарағанда 70% жұқпалы дейді. Демек, жаңа штаммдар тарала бастаса бүгінгі күні қолданылып келген санитарлық шаралар, оның ішінде әлеуметтік қашықтық тиімсіз болып шығады.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына жол бермеу үшін елдер карантинді қатаң түрде қатайтуы керек. Қалай болғанда да, 2021 жыл бастала салысымен қозғалысқа шектеулерді алып тастауы екіталай.

Экономика диагнозы: әлсіз

Осы күрделі жағдайда әлемдегі экономикалық белсенділіктің қалпына келуі баяу қарқынмен жүретін болады. Желтоқсан айының басында ЭЫДҰ әлемдік экономиканың өсу болжамын 2021 жылы 5%-дан 4,2%-ға дейін төмендетті. Өз кезегінде, қалпына келудің әлсіз динамикасы қаржы және шикізат нарықтарының өсу мүмкіндігін шектейді.

ОПЕК болжамдарына сәйкес, 2021 жылы мұнайға жалпы әлемдік сұраныс шамалы өседі — қазіргі 90-нан тәулігіне 96,3 млн баррельге дейін. Мұның себебі бір: дамыған және дамушы экономикаларда карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты отынға сұраныс айтарлықтай өспейді.

Бұл жағдай мұнай бағасын да төмен деңгейде ұстап тұрады. Moody’s агенттігінің хабарлауынша, мұнай барреліне 40-45 доллар аралығында болады. ОПЕК+ аясында мұнай өндірісі 25%-ға артатын болса 2021 жылдың қаңтарынан бастап баға одан әрі төмендеуі мүмкін.

Сонымен қатар, геосаяси күрес те әлемдік экономикаға оң әсер етуі екіталай. Пандемия мемлекеттердің көбін ішкі мәселелерді шешуге жұмылдырды. Алайда әлемдік және аймақтық державалар арасындағы геосаяси қайшылықтар сол қалпында. Ұзақ мерзімді қалпына келтіру аясында бұл қарама-қайшылық күшейе түсуі мүмкін.

АҚШ және Қытай

АҚШ-Қытай қатынастарындағы қарама-қайшылықтың тереңдеуі жұртшылықтың назарында. 2021-де біз екі державаның стратегиялық курстарының сәйкессіздігі үдей түскенін бақылауымыз мүмкін.

Қазір Бейжің мен Вашингтонда бір-бірін қауіпті қарсылас ретінде қабылдау күшейіп жатыр. Келесі жылы қарым-қатынастардағы келіспеушілік күшейе түсуі бек мүмкін.

АҚШ пен ҚХР қазір сауда тұрғысынан ғана емес, технология саласынан да күресуге бел буған сыңайлы. Инвестициялық және ғылыми байланыстарды үзу, АҚШ пен ҚХР АТ компанияларының ынтымақтастығына тыйым салу, түрлі санкциялар мен шектеулер – осының бәрі бүгіннің өзінде шындыққа айналуда.

Бұл трендтің жалғасы жаңа технологиялардың әлемдік нарығын АҚШ пен Қытай бастаған екі ірі бәсекелес лагерьге бөлу қаупі тұр. Қалған мемлекеттер кімнің стандарттары мен технологиялық шешімдері тиімдірек,

соны таңдайтын жағдайда қалады

ЕАЭО тәуекелдері

Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасы да проблемалық мәселелерге толы болады. Ол бірінші кезекте Вашингтонның Мәскеуге қарсы енгізе алатын жаңа санкцияларымен байланысты. Санкциялар сөзсіз салынады, себебі екі тарап та диалогқа отырған жоқ.

Бірақ бұл жерде нақты неге шектеу қойылатыны маңызды. Оның ішінде ең қатал сценарий бойынша АҚШ санкциялары Ресей банктерінің және Ресей Федерациясының мемлекеттік қарызын қамтуы мүмкін. Бұл жағдайда

Ресей кезекті экономикалық күйзеліспен бетпе-бет келуі мүмкін. Бұл оның ЕАЭО бойынша серіктестеріне де теріс әсер етеді

Осылайша, алдағы жылы Қазақстан айналасындағы жағдай айтарлықтай күрделі болады. Экономикалық және геосаяси сын-қатерлер арта түседі. Ұлттық экономика үміт артып отырған сыртқы нарықтар да қандай да бір елеулі оң серпін бермейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз