2020 жылы бірнеше саяси науқан болады деп күтілуде. Саясаттанушы Данияр Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында оларға талдау жасады.
Бірінші науқан — Сенаттағы сайлау.
2020 жылы 17 сенаттордың өкілеттік мерзімі аяқталады. Заң бойынша, президент 15 маусымнан кешіктірмей сайлау өткізілетінін хабарлауы тиіс, ал оны 15 тамыздан кешіктірмей өткізу керек.
— Сайлауда ерекше бәсекелестікті күтудің қажеті жоқ, бірақ айтарлықтай жаңартулар болары сөзсіз.
Кейбіреулер зейнеткерлік жасқа жетті, ал бірқатар өңірлерде өз кандидаттары бар басшылар ауысты,
— деп атап өтті Әшімбаев.
Екінші науқан — халық санағы. Ол қазанның 1-і мен 30-ы аралығында өтеді.
Үшінші науқан — Мәжілістің 7-ші шақырылымы мен мәслихат сайлауы. Қолданыстағы заңнама бойынша Мәжіліс сайлауы 20 қазаннан кейін, бірақ 20 қаңтарға дейін өтуі керек.
— Төменгі палата мен мәслихатты ертерек таратып, тиісінше сайлау күнін жазға немесе күзге жылжытуға болады, бірақ оның еш пайдасы жоқ, — деп атап өтті Әшімбаев.
Қазір келесі саяси партиялар тіркелді: «Нұр Отан», «Ақ Жол» ҚДП, «Ауыл» ХДПП, ҚКХП, ЖҰСДП, «Бірлік».
— Партиялық кеңістіктің конфигурациясына қатысты маңызды мәселе туындайды. 2016 жылы партиялар сайлауда:
Осы уақыт ішінде «Нұр Отанның» көшбасшысы президент болудан қалды, ЖҰСДП жетекшісі үш мәрте ауысты. 2019 жылғы президенттік сайлауда үміткерлер:
Іс жүзінде «барлығына қарсы» кандитадтура ретінде көрінген Қосановты қазір ескермейміз де, — деп атап өтті сарапшы.
«Нұр Отанға» президенттік сайлаудан кем түспейтін нәтиже қажет — яғни 70%. «Ақ Жол» және ҚКХП 2-3 орынға таласатын болады.
— ЖҰСДП Қосанов картасын ойнатып, наразы сайлаушылар дауысының 15-20%-ын иеленуге тырысады.
Олар осы іспен бірнеше жыл бойы еш нәтижесіз айналысып келе жатқандықтан, мүмкіндіктері өте төмен
—дейді сарапшы.
«Ауыл» мен «Бірліктің» әлеуеті өте жоғары емес, алайда соңғысын кейбіреулер болашағы бар жоба ретінде қарастырады.
Сарапшы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа партиясын құруы мүмкін деген пікірге күмән келтіреді, себебі бұл оның Елбасыдан алшақтағанын білдіреді. Ал бұл ешкімге қажет емес.
— «Нұр Отан» белгілі бір дәрежеде символ секілді және оның сайлаудағы көрсеткіштері— қазіргі президенттің халықтың қаншалықты бағалайтынының көрсеткіші. Тоқаев белгілі бір дәрежеде «Нұр Отаннан» алшақтады, бірақ
партия өткен жылғы президенттік сайлауды өзі алып шықты және оның төленбеген вексельдері бар деуге болады
— деген сенімде.
Ары қарай ол мәжіліс жаңа Үкіметті бекітетінін еске салды. Оның бағдарламасын қазіргі премьер-министр Асқар Мамин әзірледі, орындалуын мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нигматулин бақылады. Сарапшының пікірінше, сайлаудан кейін партия лидері оларды ауыстыруы екіталай. Призидент өзінің стратегиясын партиялық стратегиямен үйлестірді, немесе баламасын ұсынады.
— Партиялық заңнаманы либерализациялау жаңа партияның пайда болуына ықпал етер еді. Алайда қазіргі аталған жобалар тізімі аса үлкен әсер қалдырмайды.
Олардың соңында маңызды кадрлық, ұйымдастырушылық, қаржылық және медиялық ресурс жоқ
Әшімбаев кейбір кандидаттар жүйелік оппозиция рөліне көбірек үміт артып, өздеріне «Бірлік» немесе «Ауыл» «аутсорсингке» беріледі және электораттың 10-15%-дық «демократиялық квотасы» бекітіледі деп үміт артатындай көрінеді, — деп атап өтті.
Алайда ол келесі мәселеге назар аударды: партиялық заңнама реформасынан кейін жаңа партиялар тіркелмесе, реформалардың өзі «мағынасыз дүние ретінде қабылданады».
— Сондай-ақ бұрынғы үш партиялы схема бойынша сайланған мәжіліс өкілді орган ретінде қабылданбай қалуы мүмкін, — деп толықтырды сарапшы.
Алайда бүгінде партиялық та, электоральдық та процесс қосымша болып қалды. Бұған себеп пандемия мен одан ары енгізілген карантин режимі, олар «әлеуметтік мәселелерді ушықтырып жіберді». Қазір мемлекет бірінші кезекте экономикалық және әлеуметтік мәселелермен айналысқаны жөн.
— Қазір мемлекет әрекеттерінің нақты және жан-жақты бағдарламасын ойластырып, онда аз қамтылған және жұмыссыз сайлаушыларға қамқорлық танытуды, бизнес пен орта тап үшін либерализмді ескеруі керек. Жағдайы төмен халыққа ғана салық төлеу шкаласын төмендету және тегін жоғары білімге қатысты пікірталастар
біржақты әлеуметтік беделқұмарлықты қоғамның басым бөлігі нашар қабылдайтынын көрсетті
Алайда олар басқаларға қарағанда президентті көбірек қолдайды. Қазір ол осы қолдауды экономикалық даму және мемлекеттік басқару саласындағы жүйелік реформалармен бекітіп,
атқарушы билік құрылымындағы жексұрын фигуралардан арылу керек
Ал саяси тұрыда бірден үш жаңартылған бағытқа назар аударып, алдағы парламент сайлауына сүйену керек, — деп түйіндеді Әшімбаев.