Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері өседі

854

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері қаншаға өсетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде зейнетақы төлеміне қатысты ешқандай мәселе жоқ. Ай сайын кесте бойынша беріліп жатыр. Бұл тұрақты жүйе. Зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен +2 пайызға артып келеді. Өткен жылы – 2018 жылдың ортасында базалық зейнетақы төлемі айтарлықтай өсті. Одан бөлек, әртүрлі деңгейдегі жәрдемақылар да бар. Мәселен, бүгінгі біз құттықтаған Александр Торкин қатарлы соғыс ардагерлерінің зейнетақысына қосымша берілетін 40 мың теңгелік жәрдемақы бар», – деді Біржан Нұрымбетов ардагер Александр Торкиннің үйіне барып, құттықтағаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуына қарағанда, 2020 жылдың 1 қаңтарында да зейнетақы мөлшері міндетті түрде өседі.

«Зейнетақы төлемі инфляцияның орташа деңгейінен +2 пайызға өседі. Зейнетақының минималды мөлшері – қазіргі таңда 36 мың теңге, базалық зейнетақымен қосқанда – 54 мың теңге», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз