Бүгін Қазақстан республикасының Ұлттық валютасы – теңге күні. Және қаржы саласы мамандарының кәсіби мерекесі. Осыған орай Baq.kz ақпарат агенттігі тәуелсіздік алғаннан бергі 26 жылдың ішінде 1 долларға шаққандағы теңге бағамы қалай өзгергенін назарларыңызға ұсынады.
Тәуелсіздігін алған Азат Қазақстан 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Сонымен қатар осы жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Онда Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбайұлы, Абай Құнанбайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Әбілхайыр хан, Әл-Фараби қатарлы қазақтың біртуар тұлғалары таңбаланған.
Ал осы жарлықтан кейін үш күн өткен соң, яғни 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.
Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 5 күннің ішінде – 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді.
Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
1993 жылы 1 доллар – 6,31 теңге
1994 жылы 1 доллар – 54,26 теңге
1995 жылы 1 доллар – 60,93 теңге
1996 жылы 1 доллар – 67,28 теңге
1997 жылы 1 доллар – 75,41 теңге
1998 жылы 1 доллар – 78,29 теңге
1999 жылы 1 доллар – 119,64 теңге
2000 жылы 1 доллар – 142,13 теңге
2001 жылы 1 доллар – 146,74 теңге
2002 жылы 1 доллар – 153,28 теңге
2003 жылдан бастап теңге қайта нығая бастады. Осы жылы 1 доллар – 149,58 теңге болып арзандады.
2004 жылы 1 доллар – 136,04 теңге
2005 жылы 1 доллар – 132,88 теңге
2006 жылы 1 доллар – 126,09 теңге
2007 жылы 1 доллар – 122,55 теңге
2008 жылы теңге соңғы алты жылдағы ең құнды көрсеткішін көрсетіп, 1 доллар – 120,30 теңге болды. Бірақ…
2009 жылы 1 доллар – 147,5 теңгеге бірақ көтерілді.
2010 жылы 1 доллар – 147,35 теңге болды. Теңге осы бағамды тұрақты екі жыл ұстап тұрды. Яғни 2011-2012 жылдары құнды қағаздар нарығы тұрақтылық көрсетті.
2013 жылы 1 доллар – 150 теңге
2014 жылы 1 доллар – 185 теңге
2015 жылы 1 доллар – 275 теңге
2016 жылы 1 доллар – 385 теңгеге дейін шарықтады. Бұл соңғы бірнеше жылға созылған қаржылық дағдарыстың әсері.
2017 жылы 1 доллар – 333 теңге.