Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

13 жыл бұрынғы атышулы оқиғаға қатысты сенсациялық мәлімдеме жасалды

Тоқмәдидің сөзінше,

2004 жылы ол досы Тәтішевпен бірге Жамбыл облысына аңшылыққа шыққан. Жолда ол банкирді желкесінен атып, тергеушілер мен Орталық сот сараптамасы қызметкерлеріне ақша беріп құтылған.

“Қылмыстық іс ҚР ІІМ жедел-тергеу тобына тергеуге жіберілді, оны Ержан Артықбаев басқарған. Мен одан маған жылы көзбен қарап, қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдамауға және тергеуде көмек беруін сұрадым. Осы мақсатта Артықбаевқа, қателеспесем, 20 мың доллар ақшаны конвертке салып, беріп жібердім. Ол оны портфеліне салды да, “Там будет видно” деді”, – деп әңгімеледі Тоқмәди.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди 12-маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет “Депутаттық корпус” атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты “ҚазШыныҚұрылыс” зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз