Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

12 жасар қазақ вундеркинді мықты университетке оқуға түсті

Абзал бала кезінен оқуға үлкен құлшыныс білдіруде. Үш жасында ол әріп танып, жаза білді. Бес жасында бірінші сыныпқа барды. Оның ерекше ақылды бала екенін бірінші болып әкесі байқаған.

“Екі жасында ол тұрақта тұрған көліктерге қызығушылық танытты. Эмблемасы бойынша көлік маркаларын атап бергенімде, балам оны бірден жаттап алды”, – дейді Абзалдың әкесі Дәуренбек Нысанов.

Оқытушылар баланың жасын ескере отырып, дене шынықтырудағы норматив деңгейін өзгертіп берді.

“Біздің міндет 12 жасар екеніне қарамастан, писхологиялық тұрғыдан оны 18 жастағы адаммен теңестіріп, ой-өрісін жетілдіру”, – дейді факультет деканы Фуад Гаджиев.

Абзал Мырзаш – Қазақстан-британ университетінің тарихындағы ең жас студент. Жас дарын иесі екі-үш жылда университетті бітіруді жоспарлап отыр. Ол АҚШ-тың Массачусетс университетінде магистр мен доктор дәрежесін алғысы келеді.

Әлемдегі ең жас студент – америкалық Танишк Абраам. Ол жеті жасында барлық тестті беске тапсырып, университетке оқуға түскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз