Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“1-қаңтардан бастап жоқ деші…”. Маман зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерісті сынап тастады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұл ретте өзіндік ойы бар. Қор төрайымы Нүрбибі Наурызбаева, бұл ретте, бар жинақты бере салу тиімсіз, оны бірден жаратып қойған зейнеткер, артынан қиналып қалады ғой деп, жаны ашып, бірер күн бұрын Астанада арнайы брифингте мәлімдеп еді.

Ресми өкілдің ресми пікіріне сөзбе-сөз тоқтала кетелік.

Ел қиналып қалмасын деп…

Нұрбибі Наурызбаева

– 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемі тек ай сайын төленетін болады. Мысалы, қазір зейнетақы төлемі оны алушының таңдауы бойынша алдын ала белгіленген графикпен: ай сайын, тоқсан сайын немесе жылына алатын болса,

енді бұлай болмайды. Өйткені көп ақша қолға тиген адам, оны бірден жаратып тастайды, артынан, өзі қиналып жүреді.

Сондықтан осы жүйені өзгерту туралы шешім қабылданды. Әрине, жинағын бірден шешіп алуға мүмкіндік беріледі. Тек ол адамның зейнетақы жинағы ең төменгі 12 зейнетақы көлемінен аспаса. Шамамен бұл 337 мың теңге ғой. Бұл заң, негізінен 2015 жылы қабылданып қойған, бірақ оның қолданысқа енгізілуі 3 жылға шегерілген еді. Біз бұл ретте, сараптамалық жұмыс жүргізіп, халықаралық тәжірибені әбден зерделедік.

https://kaz.365info.kz/dosym-artykh-ketti-nauryzbaeva-satpaevtyn-kenesten-ketuinin-sebebin-tysindirdi-260081

Басты мақсат – зейнетақы жиынтығының тиімділігін және адамның басты қажеттілігін қамсыздандыруды арттыру. Бұл арада қызмет көрсету сапасын арттыруға, жинақты жоспарлау мәдениетін дамытуға басымдық беріліп отыр.

Өзгеріс 2021 жылға дейінгі қор жоспарлаған стратегиясының жаңартылған бір бөлігі болып табылады, – дейді Нүрбибі Наурызбаева.

Осылай да мәймөңкелеуге болады екен ғой…

Қазақстандағы зейнетақы қорлары қауымдастығының төрағасы Айдар Әлібаев бұл өзгеріске қатысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры берген түсініктің, тіптен, ақылға қонымсыз екенін айтады.

Айдар Әлібаев

– Қайдағы мәдениетті айтып отыр? Азаматтардың жинаған ақшасын жоспарлау мәдениетін дамытамыз дей ме? Онда не шатақтары бар?..

Басты мақсатымыз – қызмет сапасын арттыру депті. Қайдағы сапа?.. Зейнетақы қорында қаншама былық болып жатыр. Оны бірі жария, бірі ашық айтылмайды. Біз есеп сұраймыз, цифрлардың ашықтығын талап етеміз. Жоқ қой… Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры оны бермейді. Сол ма сапасы?.. Сондай мәселелермен неге айналыспайды, елдің ақшасында несі бар енді?..

https://kaz.365info.kz/tesik-shelek-dosym-satpaev-zejnetakhy-khoryndagy-bylykhtardy-ashyp-ajta-saldy-256985

Әрине, мұның барлығы, жауапкершіліктен сытылу үшін айтылған әдемі сыдыртпа сөздер ғана. Әйтпесе, олар елдің емес, өздерінің бас қамынан басқа ештеңені ойлап отырған жоқ.

Бұл арада мен екі нәрсені байқап отырмын. Біріншіден, айналымдағы ақшаны қимай отыр. Бәрін бірден бере салса, шаш пайдадан айырылады ғой. Одан да осылай, көп бөлігін ұстап қалып, көп уақыт бойына оны айналдырып, өздеріне ақша жасамай ма?.. Бұл жеке мүдде емей немене?..

Екіншіден, ақша жағынан проблема болуы мүмкін. Мұны кесіп айта алмаймын, бірақ ақша тапшылығы мәселесі де болуы мүмкін. Өйткені бір реттен соншама сомма шешіледі ғой шоттан. Сол ақша тапшылығы барын білдірмес үшін де осылай – аздап беретіндей етуі мүмкін, – дейді Айдар Әлібаев.

https://kaz.365info.kz/zhilstrojsberbankti-rt-an-edi-n-rbibi-nauryzbaeva-zejneta-y-oryna-keldi-245435

Сондықтан қаржыгер-маман бұл өзгеріске қатысты ресми орган тарапынан әлі нақты әрі негізді түсініктемені күтетінін айтады.

Анықтама:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметі бойынша, 2017 жылдың 1-қарашасында қазақстандықтардың жалпы зейнетақы жинағы 7,58 трлн теңгені құраған, өткен жылмен салыстырғанда, бұл көлемі 897 млрд теңгеге, яғни, 13,4 процентке өскен.

Зейнетақы салымшыларының жекелей шот ашқандары – 10,1 млн. Жыл басынан бері 345,5 мың шот жаңадан ашылып, қорға 54,8 млн теңге құйылған. Барлық келісімшарт түрі бойынша, салымның сомасы 616,5 млрд теңгені құрайды, 586,8 млрд теңгесі міндетті зейнетақы жарнасы.

Қорға түсетін зейнетақы салымының орташа айлық көлемі 61,65 млрд теңге болады, ал орташа айлық жарна көлемі – 5,5 млн жарна. Бұл, шамамен, күніне 274 мың жарна түседі деген сөз.

2017 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,62 процент болып, инфляция деңгейінен аз-маз асты. Инфляция деңгейі – 5,4 процент. Биылғы зейнетақы төлемі 176,9 млрд теңге болды, ал сақтандыру ұйымы арқылы 20,9 млрд теңге берілген.

https://kaz.365info.kz/kelesi-zhyly-zejnetakhy-osedi-osylaj-degen-ministr-dyjsenova-khandaj-khulykhkha-bardy-286649

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз