Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген ағайындылардың балаларына берілетін жәрдемақы көлемі анықталды

Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ бүгінгі күнде қаза тапқан ағайындылардың балаларына ҚР заңнамасына сай жәрдемақы тағайындалғанын мәлімдеді.

“Үш ағайындының өлімі әлеуметтік резонанс тудырды. Оларды жерлеу кезінде еліміздің барлық өңірінен адамдар келді. Өз кезегінде, бізде жергілікті орындаушы орган ретінде қалыс қалмадық. Қайтыс болғанын растайтын қағаздарды алысымен біз жәрдемақының тағайындалуына кірістік”, – деді аудан әкімі. – Бүгінде құжаттарды рәсімдеу шарасы аяқталды. Сонымен, Әлімхан Қадылбектің Айнабұлақ ауылында тұратын екі баласына 34060 теңге жәрдемақы тағайындалды. Жарқынбек Долданұлы мен Мұқият Зарлыханұлының артында үш баладан қалды, оларға 42290 теңге жәрдемақы тағайындалды”, – деді Алмас Әділ.

Осы оқиғадан кейін Жарқынбектің ата-анасының Долдан мен Биғайшаның денсаулығы сыр берген. Жарқынбектің анасы әрдайым аудандық емхананың бақылауында.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Осы істегі басты фигуранттардың бірі Талғат Сүлейманов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Оның сыбайласы Мұрат Оңалбаев болса, 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Мұрат Оңалбаев жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Ал “қылмыс туралы хабарламағаны үшін” айыпталған сол ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымов төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз