Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әзірге ұлттық төлем жүйесі құрылмайды – ҚР Ұлттық банк

«Төлемдер мен төлем жүйесі туралы» заң жобасы талқысында ҚР Ұлттық банк төрағасы депутаттық сауалға жауап берді.

– Ұлттық банк банкаралық жүйе құруға құқылы, бұған банктер арасындағы Қазақстан ішінде карточкалық транзакцияны басқару да кіреді. Бұл – дұрыс бағыт. Сонымен қатар, Ұлттық банк осы нарықта қатысуды дұрыс санайды. Алайда, қазіргі кезде Ұлттық банк қандай да бір жеке ұлттық төлем жүйесін құру туралы мәселені қарастырып отырған жоқ, – деді депутаттар сауалына жауап берген Данияр Ақышев.

Оның айтуына қарағанда, қауіпсіздік, тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұрғысынан алғанда, Ұлттық банк төлем нарығы жүйесіне қатысуы керек.

– Ал Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктермен өзара қарым-қатынасы мәселелеріне келсек, бұл мәселе әлі талқыланып жатыр. Біз Үкіметпен бірлесе отырып, белгілі бір қорытындыға келеміз деп ойлаймын, Оның нәтижесінде, Парламентке арнайы өзгерістермен де келуіміз мүмкін. Сондықтан да, қазіргі таңда қандай да бір ұлттық төлем жүйесін құру туралы әңгіме айту ертерек. Ал негізгі әңгіме тек осы нарыққа Ұлттық банктің қатысуына байланысты техникалық мәселелер тұрғысында болып отыр, – деді бас банкир.

Дегенмен, Ұлттық банк басшысы келешекте Қазақстанның жеке ұлттық төлем жүйесін енгізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз