Әзірбайжандағы референдум Ильхам Әлиевтің президенттік мерзімін ұзартты

20 просмотров

Әзірбайжандағы референдум барысы кезінде президенттік мерзімді бес жылдан жеті жылға ұзарту мақұлданды. Бұл туралы елдің орталық сайлау комиссиясының өкілі хабарлады.

Мемлекеттік сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың басым бөлігі — 91,2 пайызы президенттік мерзімді ұзартуға дауыс берді. Комиссия басшысы Мазахир Панаховтың айтуынша, референдум әділ өтті.

Референдумды сынаушылардың пікірінше, мұндай саяси науқан елді 2003 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Ильхам Әлиевтің билігін одан сайын күшейте түседі.

Еуропа кеңесі Әзірбайжандағы референдумды сынап, оны ел демократиясына соққы ретінде сипаттады. Адам құқығын қорғаушы Amnesty International биліктің конституцияға өзгертулерді сынағандарды қудалау, қамау және қоқан-лоқы көрсету әрекеттерін сынға алды.

2003 жылы Ильхам Әлиев әкесінің орнына билікке келді. Бес жылдан соң ол президент сайлауында тағы да жеңіске жетті. 2009 жылы Әлиев референдум өткізіп, соның нәтижесінде президент сайлауына екіден көп мәрте қатысуға рұқсат ететін өзгеріс конституцияға енгізілді. 2013 жылы ол үшінші мерзімге президент болып сайланды.

0280fe56-41c9-45a2-b9b2-0c86cbc571af_w987_r1_s

Загрузка...