Әзірбайжандағы ірі оппозициялық партиялар референдум қорытындысын мойындамайды

35 просмотров

«26 қыркүйекте өткен референдум алдын ала болжанғандай, бұрмалаушылықпен өтті», — деп мәлімдеді Әзірбайжанның Халық майданы партиясының төрағасы Али Керимли мәлімдеді.

«Әзірбайжан халқының референдумға бойкот жариялағаны өте жақсы. Тек бюджетті мекемеде жұмыс істейтін адамдар ғана «карусельді топтарды» құрады. Сол арқылы сайлаушылардың белсенділігін көрсеткісі келді. Алайда бұл жеткіліксіз болды. Билік жәшікке уыстап бюллетендер тастады. Тіптен сайлау учаскелеріне іші толған жәшіктерді алып келді. Осының бәрі болатынын біз білдік. Референдум қорытындысы халық пікірін білдірмейді. Конституцияға енгізілген өзгерістер заңсыз. Әзірбайжан халқы сайлау нәтижесін қабылдамайды», — деді оппозиция партиясының лидері.

Керимли Халық майданы заңсыздыққа қарсы күреседі деп мәлімдеді. «Біз, мүмкін тағы да алаңға оралатын шығармыз. Қазір халықаралық ұйымдардың араласуымен рұқсат етілген митингке полицияның араласпауын талап еткен келіссөздер жүріп жатыр. Соңғы митинг алдында партияның 86 мүшесі тұтқындалды. Біз әзірге рұқсат етілмеген митингке шығуды шешпедік. Біз рұқсат етілген митингке шыққымыз келеді. Себебі қарапайым халықтың да қатысуын қалаймыз», — деді ол.

Өз кезегінде «Мусават» партиясының жетекшісі Ариф Гаджылы бақылаушылардың, журналистердің, азаматтардың ақпараты бойынша, дауыс беруге қажетті 25 пайыз кворум жиналмаған. «Бұл референдумды халық қалауымен өтті деп айтуға болмайды. Сайлау кампаниясы кезінде қысымдар, саяси тұтқындаулар жиіледі. Жалғыз оппозициялық «Республика» үгіт тобын ОСК тіркемеді», — дейді ол.

«Мусават» партиясы референдум қорытындысын қабылдамауды талап етеді. «Біз Конституцияда көрсетілген барлық құралдармен күресуді жалғастырамыз: Баспасөз мәслихаттарын өткіземіз. Жергілікті және шетелдік ұйымдардың назарын аудартуға тырысамыз. Әзірбайжан билігі референдум арқылы елдегі экономикалық дағдарыстан шыққысы келеді, бірақ дағдарысты одан сайын өршітеді», — деді ол.

d575307f-e55d-4c20-9079-b9b4f5db7860_w987_r1_s

Загрузка...