Әзірбайжанда қашып жүрген қылмыскер Қазақстанға экстрадицияланды

46 просмотров

Бүгін ҚР Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Әзірбайжаннан Қазақстан азаматы Ариф Ахмедовті қылмыстық жауапқа тарту үшін экстрадициялады.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол алдын ала сөз байласқан адамдарға өткізу мақсатымен аса ірі көлемде есірткі заттарын сатып алғаны және сақтағаны үшін айыпталды.

Ариф Ахмедовті беру туралы шешім Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ағымдағы жылдың шілде айында Әзірбайжан Республикасының Бас прокуратурасымен қабылданды.

Ахмедов Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Загрузка...