«Өзінше болып қалған». Қарақат Әбілдина өзін «тәкаппар» деп атағандарға жауап берді

307 просмотров

Танымал әнші Қарақат Әбілдина отбасылық өмірі мен өнердегі жаңалықтары туралы Ikerim.kz сайтына сұхбат берді. Осы сұхбатта ол өзін «тәкаппар, өзінше болып қалған» дегенде жауап беріпті. 

-Бөтен адамдардан мені «өте тәкаппар, адам менсінбейтін, қатты қатал» деген сияқты пікірлерді көп естимін. Ия, менің мүмкін бір көзқарасқа елпелектеген, бәрінің іші-бауырына кіріп-шығатын мінезім жоқ шығар.

Ол – менің болмысым. Бірақ мен өзімді қатты қатал, қатігез адамдардың қатарына жатқызбаймын. Сыйласқанның құлы бола алатындай, адаммен адамша сыйласа алатындай ішкі құрметім бар, ішкі сана-түйсігім бар. Ненің жаман, ненің жақсы екенін ажырата алатамын.

Егер мен теріс энергияны сезген болсам, өз-өзімді көндіріп, жағдай үшін немесе пайда, атақ-даңқ үшін дос бола алмаймын. Бір сөзбен айтқанда, жүрегімнің әмірін тыңдаймын.

Мен әртіс екенмін деп, кез келген жерде жөні бар, жөні жоқ күліп, ыржиып, жымыңдап, қалжыңдап жүре алмаймын. Мүмкін сондықтан да салқынқанды көрінетін шығармын. Бірақ менің ол мінезімнен ешкім тоңып жүрген жоқ. Өзімнің жаратылысым сондай, – деді әнші сұхбатта. 

68169daff0c0b9fe2ac2c06702de4d96

Загрузка...