Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Өзін өртемек болған астаналық тұрғынның ақшасы қайтарылатын болды

145

Полицейлер құрылысшыға адам жіберіп, өздері әйелді райынан қайтармақ болды. Ақырында құрылысшы Қайрат Бодаухан әкімдік өкілдерімен бірге келіп, әйелмен кездесті.

Әйел ол кезде үстіне бензин құйып, қолына от тұтатқышын ұстап балконда тұрды.

Әйел құрылысшының атынан жазылған қолхатты алды. Онда төраға міндетін орындаушының атынан Қайрат Бодаухан 1 аптаның ішінде аталған ақшаны беруге уәде еткен.

Астана тұрғыны Ольга Цветкованың өзін-өзі өртемек екенін Махамбет Әбжан атты құқық қорғаушы Фейсбуктегі жеке парақшасында кеше жариялады. Оған баспанасыз, отбасынсыз қалған әйел тығырыққа тірелгеннен барған. Ол Астанадағы үлестік құрылысқа 48 мың 300 долларын салған. Алайда құрылыс компаниясы нысанды тұрғызбай, өзін банкрот деп жариялаған.

Бұдан кейін оның күйеуі кетіп қалған. Әйел ақшасын қайтаруға барынша тырысқанмен, онысынан түк шықпаған. Ал банкрот болған құрылысшы компания үстінен қозғалған қылмыстық іс болса, жабылғанға ұқсайды. Мұның барлығы әйелдің шектен тыс амалға баруына итермелеген секілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз