Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әзімбай Ғали: «Қазақ жоңғарды тек өз күшімен жеңген жоқ»

203

Дәл қазіргі күні Ресеймен диспропорционалды жақын және зауалды қатынаста екенімізді мойындайық. Керісінше, Батыс әлемі және АҚШ-пен арадағы байланыстар жеткіліксіз.

Шындығында,

Қытай мен Қазақстанның арасындағы қатынастар жеткілікті деңгейде емес. Бәріне кінәлі фобия. Ал оларды тудырып отырған ішкі күдіктер мен Ресейдің насихаты.

Әрине, бұл насихаттың негізі жоқ емес, деп санайды Әзімбай Ғали.

Саясаттанушының пікірінше, Ресей насихаты украиндерді де жартылай жаулап алған.

«Ресей Украинаны Батыс әлемімен, оның өркениеті және қызтекелерімен қорқытады». «Батыс сендерді түп-тұқияныңмен жұтып қояды» дейді. Неге олай дейді? Егер Украина біржолата Батыспен біріксе, толықтай Ресейдің ықпалынан шығады және Кремльдің «байырғы отары» болудан қалады», дейді Әзімбай Ғали.

Саясаттанушы бұл ретте Ресеймен, Қытаймен, Батыспен көпвекторлы, ең бастысы – тең векторлы саясат ұстануды ұсынып отыр.

– Ресеймен тым жақын болмау, Ресейден Батыс пен Қытай жаққа қарай жылжу керектігін айтпақпын. Себебі, Ресей насихаты белгілі:

олардың ақпарат құралдарының басты мақсаты Қытайды құбыжық қылып көрсету және Ресейдің жақсылығын асырып, орыстың қазаққа керектігін әспеттеу,

– деген пікірде Әзімбай Ғали.

Сонымен қатар, саясаттанушының айтуынша, «қытай қазаққа жау» деген тезис тарихи анықтауды қажет етеді.

– Бір ғана қарсы уәж айтайын қазақ жоңғарды тек өз күшімен жеңген жоқ. Қытаймен бірге жеңдік те, жоңғардың жайлауы мен егіндігін иемдендік. Сол тұста Ресейдің езгісінен қашқан біраз қазақ сол Шыңжанда көбейді. Қытай жоңғарға геноцид жасады, қырды, мұның бір жағынан қазаққа пайдасы болды. Қырғыз-қазаққа жер мен жаңа кеңістік пайда болды. Қазақ-қырғыз саны өсті. Айталық, қырғызда сарт-қалмақ деген ру бар. Қытайдағы албандар мен суандар, найман мен керейлердің саны тез өсті.

Әрине, Қытай да, Ресей де, Батыс та туған әкең емес, сондықтан әр тараппен тең дәрежелі ара-қатынас ұстау керек деген ой өте маңызды. Осы үш тараппен көпвекторлы және тең векторлы, тең дәрежелі қатынас керек. Ұзақ мерзімге болжамайық, бірақ орта мерзімде

Қазақстанға Батыспен, Еуропалық Одақпен, НАТО-мен одақ құру керек. Себебі 12 пайыз қазақ жері Еуропада жатыр, біздің өмір салтымыз, менталдығымыз еуропалық.

Сен қазақ еуропалық ұлтсың! Соны ұмытпа!

Біз еуропалық елміз деген уәжді көбірек айтайық, ағайын! – деп түйіндейді сөзін Әзімбай Ғали.

11071588_1028326860529771_5367077562771178216_nыыы

Әзімбай Ғали

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз